Бiз туралы

«Астана Концерт» Телевизиялық Шығармашылық Бірлестік 2006жылы құрылды. Компания мерекелерді, концерттерді, КТК ойындарын және телебағдарламалардың түсірілімін ұйымдастырумен айналысады. ТШБ «Астана Концерт» осы қызмет саласында жұмыс істейтін компаниялардың алдыңғы қатарында орналасқан.

Қызметкерлердің барлығы дерлік КТК деген керемет ойынның түлектері болғаны біздің агенттіктің басты ерекшелігі болып табылады. Малик Хасенов, Санат Шапашов, Азамат Дүйсенов және Алексей Рябушко «Астана құрамасы», «Астана.KZ» және «Қазақстан құрамасы» КТК командалары құрамында Мәскеудегі КТК Жоғарғы Лигасының төрінде Қазақстанның мүддесін біраз уақыт бойы қорғап келді. Сәтті әзілдеу шеберлігі мен тапқырлық мерекелерді ұйымдастыруға көмектесіп септігін тигізеді!

Агенттіктің негізінде өзіндік video production бар, осы жағдай бізді өзге компаниялардан ерекшелендіреді. Бұл басымдық бізге іс-шараға қатысты фильмдер мен роликтердегі адам нанғысыз нәрселерді тез және сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Алты жыл бойы біз компанияның атына және оң келбетіне жұмыс істеп келеміз. Біз көптеген компаниялармен жұмыс істедік, тізіп айтар болсақ, олар: «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК; «Қазақстан Темiр Жолы» АҚ; «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ; Астаны, Алматы және Қарағанды қалаларының әкімдіктері; Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі; Қазақстан Республикасы Премьер – Министрдің кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі; «Еуразиялық Банкі» АҚ; «Kcell» АҚ; «Цеснабанк» АҚ; «Интергаз Орталық Азия» АҚ; «ҚазТрансГаз» АҚ; «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС; «GRATA» Заң фирмасы; Қазақстан Республикасы «ВЖДО» АҚ; Mitsubishi Motors Астана; Астана Ford Орталығы; «Самрұқ-Қазына Контракт» ЖШС; «Nomad Oil» ЖШС және тағы басқалары.